«Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 243 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:
1) халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;
2) жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;