«Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 Қаулысы (2026.24.10. берілген өзгерістермен)

Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 Қаулысы

(2026.24.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1-тармағына сәйкес Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2026.08.10. № 884 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар:

1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

2) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан және 10 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (келісу бойынша) Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

ҚР Үкіметінің 2026.08.10. № 884 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісу бойынша) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

ҚР Үкіметінің 2026.08.10. № 884 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (келісу бойынша) жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.