«Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 353 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қабылдау әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшеcі (бұдан әрі - құрылымдық бөлімше) әзірлейтін, Қорғаныс министрі бекіткен қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мамандықтар мен біліктіліктер арасында орындарды қайта бөлген жағдайда қабылдау жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.