«Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 546 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
2-қосымшаның 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы:
1) балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу;
2) кілемдер мен кілем бұйымдарын өндіру;
3) тоқу өндірісі;
4) маталар мен тоқыма бұйымдарын әрлеу;
5) аяқ киім өндірісі;
6) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;
7) қағаз және картон өндірісі;
8) гофрленген қағаз және картон, қағаз және картон ыдыстарын өндіру;
9) асбестцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі;
10) бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі;
11) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу;
12) су құрылыстарын салу;
13) жүктерді қоймалау және сақтау;
14) жүктерді көліктік өңдеу;
15) құрлық көлігінің қосалқы қызметі;
16) өзге де қосалқы көлік қызметі;