«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 194 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 194 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

623 және 624-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«623. Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау Бюджет кодексінің 193-бабының 4-тармағына сәйкес тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе әкімдіктер органның жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік шарт бойынша кредитордың шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кредиттік шартқа қосымша келісім жасасу арқылы ресімделеді.

624. Қайта құрылымдауды жүргізу үшін қарыз алушы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді және мынадай құжаттамаларды енгізеді:

1) қарыз алушының қаржылық жағдайын және қаржылық жағдайды сауықтыру жөніндегі шараларды қамтитын бизнес-жоспар;

2) құзыретіне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кіретін мемлекеттік органның қорытындысы немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) және/немесе жергілікті атқарушы органның қорытындысы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.