«Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 1025 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16878 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 22 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» деген ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Стандарт, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының ішкі аудит қызметін (бұдан әрі - ІАҚ) қоспағанда, штат саны шеңберінде бірінші басшының қарауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының (құрылған кезде), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ведомстволық тәуелді аумақтық органдарының жұмысының тиімділігін бағалаудың мақсаттары мен тәсілдерін, ішкі мемлекеттік аудит сапасын арттыру бағдарламасын жасау тәртібін айқындайды.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: