Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 211/7 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 56/2 Қаулысы
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 285/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 211/7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4674 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: