Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 Қаулысы
(2023.15.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023.02.08. № 631 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 76-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат);
2) «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 5, 34-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.