«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 337 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 337 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының (бұдан әрі - Тізбе) күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2 және 4-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Сапаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс

Министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2025 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 337 бұйрығына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.