«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 465 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 465 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15676 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген адамдардан басқа, олар қызметтік автомобиль көлігінде немесе мемлекеттік авиация кемелерінде жол жүрген жағдайларда әскери жолаушыларға мыналар жатқызылады:

1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы (жұмыскерлері) – олар бірлескен оқу-жатығулар өткізу, төтенше жағдайларды жою, терроризмге қарсы операцияларды, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу және төтенше немесе соғыс жағдайы шарттарындағы, сондай-ақ қарулы жанжал жағдайларындағы міндеттерді орындау аудандарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

2) әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері – оқыту бағдарламаларында көзделген далалық шығуларға, ҚР ҚК жоспарлары бойынша іс-шараларға қатысу, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою орындарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

3) әскери оқу орындарының талапкерлері – оларды оқуға түсу емтихандарын тапсыру кезеңінде қызметтік автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.