«Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу» кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына 12-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2024 жылғы 23 қаңтардағы

№ 60 бұйрығына

12-қосымша

 

 

«Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу»

 кәсіптік стандарты


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу» кәсіптік стандарты әзірленді, ол мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрі - МӨ және ЖЖМ) сот сараптамасын жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы (верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін);

4) мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу нысанасы - мұнай табиғаты объектілерінің табиғатын, жіктеу тиесілігін, олардың шығу көзін куәландыратын нақты мән-жайларды анықтау;

5) мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу объектілері - мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібінің бұйымдары/өнімдері, олардың негізін мұнай тектес заттар; мұнай тектес заттардың іздерін сақтап қалған заттар құрайды.

3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

БА - Біліктілік анықтамалығы;

СБШ - Салалық біліктілік шеңбері;

ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.