«Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-125/2020 бұйрығы (2025.06.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-125/2020 бұйрығы

(2025.06.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.21.06. № 26 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.21.06. № 26 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.21.06. № 26 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптар бекітілсін.

2. «Тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 680 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15757 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қазанда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.