Кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 382 бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.