«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 282 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 1215 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 282 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 282 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдамада:

«Паспорт (негізгі параметрлер)» деген 1-бөлімнің бірінші бөлігінде «Әзірлеу негіздемесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазакстан халқына Жолдауы»;

«Халықаралық тәжірибеге шолу» деген 3-бөлімнің он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.