«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» (Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № А-11/495 Қаулысымен бекітілді) (2016.30.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ақмола облысы әкімдігінің 2016.21.04. № А-5/186 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 23 қазандағы

№ А-11/495 қаулысымен

бекітілді

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № А-2/40 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.30.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының халықты жұмыспен қамту орталықтарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) «электрондық үкімет»: www.egov. kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы қағаз немесе электрондық үлгісіндегі хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады (бұдан әрі - хабарлама).

Порталда жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.