«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 496 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі - веб-портал) - мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол мемлекеттiк сатып алудың және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Занына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынады;
2) камералдық бақылау - ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстырып тексеру негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне (бұдан әрі - мемлекеттік аудит объектісі) бармай ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын бақылаудың өзге нысаны;
3) камералдық бақылау тәуекелдерінің бейіні (бұдан әрі - тәуекел бейіні) - мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы мәліметтерді талдау жолымен айқындалған және белгілі бір бұзушылықтарды анықтау мақсатында әзірленетін деректерді таңдау шарттарының жиынтығы;