«Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет түрлерін айқындау туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет түрлері айқындалсын.»;
көрсетілген қаулымен айқындалған бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.