«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 12 мамырдағы № 141 бұйрығы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарында:
«Ұлттық спорт түрлері» деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Асық ату
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
Әлем чемпионатында 1-3 орын;
Азия чемпионатында 1-2 орын;
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 1-2 орын.
Қазақстан Республикасының спорт шебері:
Қазақстан Республикасының чемпионатында, Қазақстан Республикасының Спартакиадасында 1-2 орын;
Қазақстан Республикасының кубогында 1 орын;
Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен фестивалінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне халық спорты ойындарында 1-орын;
Қазақстан Республикасының «Ақ бидай» ауыл спорттық ойындарында 1-2 орын.
Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат: