«Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХII сессиясының 2022 жылғы 20 маусымдағы № 144 шешiмi (күші жойылды)

«Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII сессиясының 2022 жылғы 20 маусымдағы № 144 шешiмi

 

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясының 2025 жылғы 11 ақпандағы № 200 шешiмiмен күші жойылды

 

Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 720 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарына 4-қосымшада:

Ж-3 бөлімінде жер телімінсіз аз қабатты (2-3 қабат) құрылыс аймағы, соңғы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Шығыс айналма жолының (ШААЖ) Әл-Фараби даңғылының, Саин көшесінің, Жандосов көшесінің (Саин көшесінен қала шекарасына дейін) оңтүстігіне қарай орналасқан ғимараттардың параметрлері құрылыстың барлық түрлері үшін ең жоғары биіктігі он екі метрден аспайтын жердің орташа жоспарлау белгісінен парапеттің үстіне (шатыр жотасына) дейін, цокольдық қабатты қосқанда үш қабаттан артық емес етіп белгіленсін, денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салуды қоспағанда, бірақ 15 метрден артық емес.»;

мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Сондай-ақ көрсетілген шаршыда ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысаналы пайдалануға арналған жер учаскелерін бөлуге және аз қабатты ғимараттар салуға жол берілмейді, сонымен қатар тау бөктерінің жолағында, оның ішінде еңістігі 15 градус және одан жоғары тiк беткейдегi алаңдарда.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.