Медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 31-VІI шешімі
(2024.23.09. берілген өзгерістермен)
Атырау облыстық мәслихатының 2023.03.08. № 43-VIII шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ѳзін-ѳзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаӊтардағы Заӊыныӊ 6-бабына сәйкес, VІI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті II сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Атырау облыстық мәслихатының 2023.03.08. № 43-VIII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерінде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біржолғы төлем түрінде әлеуметтік қолдау белгілеу арқылы медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі айқындалсын.
Атырау облыстық мәслихатының 2023.03.08. № 43-VIII шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері айқындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ѳткен соӊ қолданысқа енгiзiледi.
| Сессия төрағасы | А. Абдолов |
| Мәслихат хатшысы | А. Наутиев |