«Сот молекулярлық-генетикалық сараптамасы/зерттеуі» кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына 6-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2024 жылғы 23 қаңтардағы

№ 60 бұйрығына

6-қосымша

 

«Сот молекулярлық-генетикалық сараптамасы/зерттеуі»

 кәсіптік стандарты

 

 

1 - тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Сот молекулярлық-генетикалық сараптамасы/зерттеуі» кәсіптік стандарты сот-сараптама қызметі саласындағы сот молекулярлық-генетикалық сараптамасын жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін;

4) молекулярлық-генетикалық сараптамасының мәні - нақты адамды ұқсастыру немесе шығу тегінің биологиялық ортақтығын (биологиялық туыстық) айқындау мақсатында билогия және криминалистика саласындағы арнайы ғылыми білімдер негізінде анықталатын адамның гендік ДНҚ-ның полиморфты генетикалық белгілерінің нақты деректері болып табылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.