«Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 344-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-4-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.»;
Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалары»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Электр энергетикасы туралы» Заңы 10-4 бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) ұйымдастыруды және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.»;