«Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 595 бұйрығы

 «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 595 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17163 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00 - нысан) жасау қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына мыналар:

2025 жылдан бастап:

1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде меншік (талап ету) құқығында мынадай мүлік:

құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі;

шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы;

инвестициялық алтын;

Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;

тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;

эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздар болып табылатын туынды қаржы құралдарын, базалық активтерді қоспағанда, эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.