«Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 473 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16523 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 106-бабы 3-тармағына, 108-бабы 5-тармағына, 109-бабы 7-тармағына, 141-бабы 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 108-бабы 5-тармағына, 109-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібін айқындайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: