5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында алынатын шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің;
6) газ жəне газбен жабдықтау саласындағы əріптестік шеңберінде жасалатын шарт негізінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің;
7) ережелерінде иеліктен шығарылатын шикі жəне (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығы көзделетін, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 755-бабына сəйкес салық режимінің тұрақтылығына ие өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндіріп алған (өндірген) тауарлық газды өткізу жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.
6-тармағының 14) тармақшасының жиырма екінші абзацы 2027 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі
5. Тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағалары уəкілетті орган бекіткен тəртіппен коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалады.
6. Ірі коммерциялық тұтынушылар үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағалары тиісті өнім беру өңірінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өткізілетін электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағалары деңгейінде 1,2 есептік коэффициентін қолдана отырып, бірақ ірі коммерциялық тұтынушылар үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларынан асырмай, олар бір мезгілде мынадай өлшемшарттарды сақтаған:
1) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сəйкес өнеркəсіптік кешен ретінде шартты тұтынушылар тізбесіне енгізілген;
2) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сəйкес Тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген;
3) 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметімен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім болған кезде белгіленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері өздері тұтынатын электр энергиясын өндіру үшін тікелей пайдаланылатын тауарлық газдың көлеміне қолданылады, ол 2025 жылы көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланылған тауарлық газдың нақты көлемінен он пайыздан артық аспауға тиіс.
7. Сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде көтерме жəне бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары өнім беру өңіріне жəне оны сатып алуды жүзеге асыратын сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері субъектілерінің санатына қарай белгіленеді.
6-тармағының 14) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацы 2027 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі
8. Тауарлық газды ішкі нарықта немесе сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды, сондай-ақ бекітілген тұтыну нормаларынан асып кеткен жағдайда, коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалған тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларын асырмауға міндетті.»;
6-тармақтың 15) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақта:
«бесінен» деген сөз «жиырмасынан» деген сөзбен ауыстырылсын;
«үшін Қазақстан Республикасының аумағына» деген сөздер «жəне (немесе) одан əрі өткізу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 15) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтары 2027 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уəкілетті органға тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағасын айқындау кезінде пайдаланылатын коэффициенттерді қолданудан алынған, тауарлық газды есепке алуды цифрландыру жəне газ тарату жүйесін жаңғырту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды іске асыруға тартылған қарыз қаражатын өтеуге бағытталған кірістің пайдаланылуы туралы ақпаратты жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей ұсынады.»;
6-тармақтың 15) тармақшасының жетінші жəне сегізінші абзацтары 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы «он бесінші күнінен» деген сөздер «жиырма бесінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «үшін Қазақстан Республикасының аумағына» деген сөздер «жəне (немесе) одан əрі өткізу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
«Уəкілетті орган мониторинг» деген сөздер «Мониторинг» деген сөзбен ауыстырылсын;
«алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды балансын жасайды» деген сөздер «балансы қалыптастырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тауарлық газды есепке алу аспаптары деректердің қашықтан берілуін қамтамасыз етуге жəне Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес келуге тиіс.»;
26-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «иелері;» деген сөз «иелері жүзеге асыруға құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
6-тармақтың 18) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының аумағына тұтыну» деген сөздер «тұтыну жəне (немесе) одан əрі өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «иелері;» деген сөз «иелері жүзеге асыруға құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «иелері;» деген сөз «иелері ие болады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
6-тармақтың 19) тармақшасының бірінші абзацы 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сұйытылған мұнай газының өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген көлемін бөлу уəкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы қалыптастырылады.»;
6-тармақтың 19) тармақшасының төртінші абзацы 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «өндіру үшін» деген сөздерден кейін «тұрмыстық тұтынушыларға,» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
8-тармақта:
«осындай өнеркəсіптік тұтынушының өндірістік объектілерінен тиеп-жөнелту жəне оның сұйытылған мұнай газы фракцияларын алуы үшін қажетті мерзімдер ескеріле отырып, осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға өнім беру жоспары шеңберінде бөлінуге жатады» деген сөздер «осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға өнім беру жоспары шеңберінде бөлу үшін өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілерге, меншік иелеріне қайтарылуға тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі осы Заңның 27-2-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 27-2-баппен толықтырылсын:
«27-2-бап. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде сұйытылған мұнай газын, оның ішінде құрамында пропан-пропилен жəне (немесе) бутан-бутилен фракциялары басым сұйытылған мұнай газын пайдаланудың ерекшеліктері
1. Инвестициялық жобаны орындаушы - Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес инвесторлар тізіліміне енгізілген жəне мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлға.
Инвестициялық жобаны орындаушы сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркəсіптік тұтынушы болады.
2. Инвестициялық жобаны орындаушы тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын, оның ішінде құрамында пропан-пропилен жəне (немесе) бутан-бутилен фракциялары басым сұйытылған мұнай газын осы Заңның 27-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан сатып алуға құқылы.
Инвестициялық жобаны орындаушы сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде тұтынады жəне (немесе) сұйытылған мұнай газы фракцияларының пайдаланылмаған бөлігін сұйытылған мұнай газының меншік иесі ретінде тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізу үшін құрауыштардың сапалық жəне сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.
3. Осы Заңның 27-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында аталған тұлғалар техникалық мүмкіндіктер болған кезде инвестициялық жобаны орындаушының өтінімінде көрсетілген көлемде сұйытылған мұнай газын жеткізіп беруге міндетті.»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті органның жəне астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тізілімдеріне енгізілген:»;
1) жəне 2) тармақшаларда орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
3) тармақшаның бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
4) тармақшада орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
5) тармақшада:
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
«мұнай газының меншік иелері» деген сөздерден кейін «жүзеге асыруға құқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Өзге тұлғалардың сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті органның жəне астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тізілімдеріне енгізу туралы талаптар осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында аталған тұлғаларға қолданылмайды.»;
7-тармақта:
4) тармақшадағы «автогаз құю станцияларында», «құюға тыйым салынады.» деген сөздер тиісінше «газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінен тыс жерде», «құюға;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) автомобиль көлік құралдарына автогаз құю станцияларынан тыс жерде сұйытылған мұнай газын құюға тыйым салынады.»;
34-бап мынадай мазмұндағы 6, 7, 8, 9, 10, 11 жəне 12-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Газ тарату ұйымдары 2028 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңның талаптарына сəйкес келтіруге міндетті.
7. Автогаз құю станцияларының иелері 2031 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өздерінің автогаз құю станцияларын осы Заңға сəйкес келтіруге немесе оларды пайдалануды тоқтатуға міндетті.
6-тармағы 22) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8. Салынуы, жаңғыртылуы жəне (немесе) реконструкциялануы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілген тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілері ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау жəне (немесе) газ тарату ұйымдарына 2028 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей өтеусіз берілуге тиіс.
9. Өндірушілер өндіріс паспортын 2027 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде алуға міндетті.
10. Осы Заңның 20-бабының 6-тармағы 2036 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
11. Деректерді қашықтан беруді қамтамасыз етпейтін тауарлық газды есепке алу аспаптары 2027 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей деректерді қашықтан беруді қамтамасыз ететін тауарлық газды есепке алу аспаптарына тұтынушылардың өз есебінен ауыстырылуға тиіс, тұрмыстық тұтынушыларға тауарлық газды өткізетін газ тарату ұйымдары есебінен 2030 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей ауыстырылатын тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды есепке алу аспаптары оларға жатпайды.
12. Осы Заңның 27-1-бабы 8-тармағының екінші бөлігі жəне 27-2-бабы 2028 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады деп белгіленсін.».
7. «Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тауарлық газды есепке алу аспаптары деректерді қашықтан беруді қамтамасыз етуге жəне Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.»;
2) 23-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Деректерді қашықтан беруді қамтамасыз етпейтін тауарлық газды есепке алу аспаптары 2027 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей деректерді қашықтан беруді қамтамасыз ететін тауарлық газды есепке алу аспаптарына тұтынушылардың өз есебінен ауыстырылуға тиіс, оларға тұрмыстық тұтынушыларға тауарлық газды өткізетін газ тарату ұйымдары есебінен 2030 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей ауыстырылатын тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды есепке алу аспаптары жатпайды.».
8-тармақ 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
8. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 28-баптың 1-тармағы 28) тармақшасындағы «қызметтер салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе əрекеттер (операциялар) жатады.» деген сөздер «қызметтер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) электр энергетикасы салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе əрекеттер (операциялар) жатады.»;
2) 1-қосымшаның 11-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
».
9. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-тармағы 1) тармақшасы 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
24-3) тармақшада:
«атқарушы органға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы газ жəне газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тарату ұйымына» деген сөздермен толықтырылсын;
«жергілікті атқарушы органдардан» деген сөздер «мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органнан, жергілікті атқарушы органдардан, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) тармақшада:
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
«немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органнан өтеусіз пайдалануға алу кезінде, оның ішінде электр желілері басқа энергия беруші ұйымдардан балансқа жəне (немесе) сенімгерлік басқаруға алынған жағдайда, бекітілген тарифтік сметаға тиісті жылға арналған əлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен асырмай» деген сөздер «, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органнан, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелерінен, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан балансқа жəне (немесе) сенімгерлік басқаруға өтеусіз алынған жағдайда, сондай-ақ электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ басқа электр желілерінің меншік иелерінен электр желілерін қалдық құны бойынша сатып алған жəне осы желілерді қалдық құны бойынша бағалауды жүргізуге арналған шығындар өтелген жағдайларда, бекітілген тарифтік сметаға табиғи монополиялар салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме деңгейінен асырмай» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-1) тармақша «беру жоспарын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы газ жəне газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тарату ұйымына тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа жəне (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) жəне 14) тармақшаларында көзделген салаларда реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері үшін үш жəне одан көп жылға тариф белгілеуге жол беріледі.»;
9-тармақтың 2) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
23-тармақта:
16) тармақшада:
«жергілікті атқарушы органдардан» деген сөздер алып тасталсын;
«мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органмен, жергілікті атқарушы органмен» деген сөздер алып тасталсын;
17) тармақшадағы «жергілікті атқарушы органмен» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармағы 3) тармақшасы 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
22-баптың 1-тармағының 9-1) тармақшасындағы «мүлікті, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін мүлікті балансқа жəне (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сəйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органнан балансқа жəне (немесе) сенімгерлік басқаруға алуы» деген сөздер «мүлікті балансқа жəне (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сəйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органнан, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелерінен, тауарлық газды өтеусіз алған кезде тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан мүлікті балансқа жəне (немесе) сенімгерлік басқаруға алу, сондай-ақ электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің басқа меншік иелерінен қалдық құны бойынша электр желілерін сатып алу жəне осы желілерді қалдық құны бойынша бағалауды жүргізуге арналған шығындарды өтеу» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«электр энергиясын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын.
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының бірінші жəне екінші абзацтарын, 9) тармақшасының бірінші - жетінші абзацтарын, 6-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының бірінші - бесінші, сегізінші, он төртінші жəне он сегізінші абзацтарын, 5) тармақшасының бірінші - жетінші абзацтарын, 8) тармақшасының бірінші жəне екінші абзацтарын, 12) тармақшасының бірінші жəне екінші абзацтарын, 13) тармақшасының бірінші, бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 15) тармақшасының бірінші - төртінші, жетінші жəне сегізінші абзацтарын, 18) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтарын, 19) тармақшасының бірінші жəне төртінші абзацтарын, 9-тармағы 2) тармақшасының бірінші, төртінші - сегізінші абзацтарын;
2) 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының он үшінші жəне он төртінші абзацтарын, 2) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтарын, 3) тармақшасының екінші абзацын, 4), 7) жəне 13) тармақшаларын, 8-тармағын, 9-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 9) тармақшасының сегізінші абзацын, 22) тармақшасының төртінші абзацын;
4) 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 6) тармақшасын;
5) 2027 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын, 6-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші абзацын, 4) тармақшасының алтыншы жəне жетінші абзацтарын, 13) тармақшасының он жетінші жəне он сегізінші абзацтарын,14) тармақшасының жиырма екінші жəне жиырма тоғызыншы абзацтарын, 15) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 24 маусым
№ 322-VIII ҚРЗ