«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 380 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 380 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

 

Е. Сарсембаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2026 жылғы 24 сәуірдегі

№ 380 бұйрығына қосымша

 

 

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қыркүйектегі «Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидаларын бекіту туралы» № 1463 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17527 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізу:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Адвокаттық құпиямен немесе заң консультантының құпиясымен қорғалатын құпия ақпаратты қоспағанда, электрондық тізілімде қамтылған мәліметтерді адвокат немесе заң консультанты заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесіне енгізеді.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.