«Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 250 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесінде:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 19.4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
»;
көрсетілген қаулыға 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:
бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
«Астана қаласының әкімдігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 427.25-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 250 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1141 қаулысына
5-қосымша
Жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың
тізбесі