«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 173 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыруға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру бағдарламаларына, түріне, мәртебесіне және Заңның 5-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау нәтижелеріне байланысты сараланған білім беру гранты түрінде орналастырылады.
Жоғары білімі бар кадрларды (бакалавриат) және магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ-да ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижелері бойынша білім беру гранттары түрінде орналастырылады.