Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 434 бұйрығы
(2017.08.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 657-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
ҚР Қаржы министрінің 2017.08.02. № 86 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.