«Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 369/НҚ бұйрығы

 «Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 369/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 75-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13193 болып тіркелген);

2) «Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 22 шiлдедегi № 435/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34790 болып тіркелген) бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасында заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.