«Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 465 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 558 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 465 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 17380 болып тіркелді) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесінде:
тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: