«Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024 жылғы 5 ақпандағы № 5 бұйрығы

«Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024 жылғы 5 ақпандағы № 5 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медицина қызметкерлері өз бетінше немесе денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагнозды қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, сонымен қатар мүгедектігі бар деп танылған адамдарға және хал үсіндегі адамдарға күтім жасауды қамтитын мультипәндік команда құрамында көрсететін медициналық көмек.»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) - Қордың активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) медициналық куәландыру - жеке тұлғаны оның ауруы болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын айқындау мақсатында зерттеп-қарау.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.