(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА,...

Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы

(2014.25.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 432 бұйрығын қараңыз (2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 5, 7 сыныптар үшін, 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 6, 8-сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 9 (10) сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі);

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығын қараңыз (2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-сыныптар үшін, 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3-сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4-сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.25.02. № 61 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;

3-1) осы бұйрыққа 3-1 қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.