«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 22 маусымдағы № 345/НҚ бұйрығы

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 22 маусымдағы № 345/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

««Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы»

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.