«Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығы

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 449) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12111 болып тіркелген);

2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 485 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14707 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.