«Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 293 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу»;
«11) мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты тауарлық-материалдық қорларды (оның ішінде жанар-жағармай материалдарын) сатып алу.»
7-тармақ алып тасталсын.