Осы редакция 2018 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
54-қосымша
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының
(инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
2) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты - 4 (төрт) сағат.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға жеке өтініш жасаған кезде: салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қағаз жеткізгіште алу;