«Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 101 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 101 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:

17-тармақта:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) көрсетілетін қызметті алушы соңғы үш ай ішінде осы Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) 29-тармағында белгіленген талаптарды үш реттен артық бұзуға жол бермеген кезде;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) көрсетілетін қызметті алушының соңғы жиырма айда осы Қағидалардың 27-тармағының бірінші абзацының талаптарын сақтамау фактілері болмаған кезде.

Бұл ретте, шетелдік рұқсат алуға сұрау салу басқа отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсаты пайдаланылған автокөлік құралына, сондай-ақ шетелдік рұқсатты басқа отандық тасымалдаушыға берген көрсетілген қызметті алушының автокөлік құралдарына АЖ-дан бас тартылады.

Осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларының талаптары жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға қолданылмайды.

Электрондық түрдегі шетелдік рұқсаттар рұқсат беру куәлігі мен рұқсат карточкасы түріне қарамастан беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.