«Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 ақпандағы № 68 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17063 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген есептерді жер қойнауын пайдаланушы ақпараттандыру объектісі «Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ЖҚПБП) электрондық нысанын толтыру және ақпаратты ұсыну үшін жер қойнауын пайдаланушының өкiлеттiк берiлген лауазымдық тұлғаның электрондық цифрлық қол қоюы арқылы ұсынады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган есептер негізінде жиынтық ақпарат дайындайды, оны лицензиялық-келісімшарттар талаптарының міндеттемелерін орындау туралы есеп ұсыну мерзімі өткен бойда екі ай ішінде құзыретті органға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ЖҚПБП арқылы жолдайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Есептің тиісті нысанында жеке көрсеткіштер болмаған жағдайда сызық қойылады.