«КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 2758 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін, жалпы көлемі 0,0013 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 05 қазанға дейін қауымдық сервитут белгіленсін.