«Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1056, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 113 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 277 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33104 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру: