Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 634 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 634 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37274 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.Qoldau.kz интернет - ресурста орналастырылған.»;
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.Qoldau.kz интернет - ресурста орналастырылған.»;
көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.Qoldau.kz интернет - ресурста орналастырылған.»;