Қазақстан Республикасы Парламенті өзгерістер мен толықтырулар енгізген Конституция нормалары бөлігіне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1) тармақшасына және 91 бабының 1-тармағына ресми түсінік беру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 1998 жылғы 4 желтоқсан № 13/2 Қаулы
Осы редакция 2017 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А.Ким және Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, О.Қ.Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Ғ.Темірболатов, В.Д.Шопин қатысқан ашық отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1) тармақшасына және 91-бабының 1-тармағына ресми түсінік беру туралы өтінімін қарады. Өтінім бойынша материалдарды зерделей келіп, баяндамашы Кеңес мүшесі В.В.Мамоновтың хабарламасын тыңдап Қазақстан Республикасы Конституциясының Кеңесі мынаны анықтады:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 1998 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормалары бөлігіне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1) тармақшасына және 91-бабының 1-тармағына ресми түсінік беру туралы өтінімі келіп түсті. Өтінімде 1998 жылғы 7 қазанда қабылданған "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылған.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабы 1) тармақшасын талдағанда Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады.