«Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 175-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2010 жылы № 2 болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларында:
1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау тәртібі»;