Қаражал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 101 шешімі
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабы 3-тармағының 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаражал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың төрағасы | З.Оспанова |
2027 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 101 шешіміне
қосымша
Қаражал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
| 1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,88 |
| 2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,1 |
| 3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,97 |
| 4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,75 |
| 5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,53 |
| 6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0072 |
| 7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,22 |