«Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 4 шілдедегі № 338 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33308 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Үміткер құжаттарды белгіленген құжат қабылдау мерзімі ішінде әкімшіге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және (немесе) қағаз нысанда ұсынады.
Ұсынылған құжатты қарау нәтижесі бойынша үміткерге құжаттың қабылданғаны және конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы жазбаша хабарлама не оларды қабылдаудан дәлелді бас тарту жолданады.
Құжатты қарау, қабылдау не оларды қабылдаудан бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Құжатты толық көлемде ұсынбау оларды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Құжаттар осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, үміткерге бұзушылықтарды жойғаннан кейін оларды қабылдау үшін белгіленген мерзім кезеңінде құжатты қайта ұсынуға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін үміткердің және оның құжаттарының осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкестігін қарауды әкімші жүзеге асырады.»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейі: