2020-2021 жылдарға арналған Шымкент қаласындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 347 Қаулысы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2020-2021 жылдарға арналған Шымкент қаласындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
2.«Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Мамытбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.