Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 902 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы» автомобиль жолының Астана - Теміртау 1291 + 335 километр (бұдан әрі - км) - 1425 + 422 км учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;
2) баламалы жол: Астана - Қабанбай батыра - Энтузиаст - Киевка - Темiртау республикалық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуда мүмкін;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті - 1291 + 335 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті - 1425 + 422 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;
ақы алу пункттері орындарында автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр;
ақы алу пункттері орындарында жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 4 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы - 134 км 87 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2 - қосымшаға сәйкес айқындалады;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3 - қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін.