«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржы нарығына қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 88 қаулысының құрылымдық элементінің қолданысын тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 шілдедегі № 94 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаржы нарығына қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.