«Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 34 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 14 бұйрығына (Құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 26925 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтурулар енгізілсін:
11 – тармақ алынып тасталсын;
12 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, қаржы мониторингі субъектілері, Республикалық нотариаттық палата, Республикалық адвокаттар алқасы, соңдай-ақ республикалық заң консультанттары алқасы жыл сайын 1 сәуірге дейін уәкілетті органға осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19 – қосымшаларға сәйкес кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректер ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Нотариаттық палата Қазақстан Республикасының ҚЖ/ТҚҚ туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады, оны жетілдіру жәнінде ұсыныстар енгізеді және жыл сайын 1 наурызға дейін осындай ақпаратты осы бұйрыққа 1 – қосымшаға сәйкес Республикалық нотариаттық палатаға ұсынады.»;
осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19 – қосымшаларға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19 – қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерінің жұмысы жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: